Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2013 жылғы 9 шілдедегі N 232 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде N 2317 болып тіркелді. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 5 маусымдағы N 6.1.2-3/817 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 05.06.2014 N 6.1.2-3/817 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 46-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1-қосымшаға сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік басылым материалдарды орналастыру орны анықталсын.
      2. 2-қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай шарт негізінде берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы Ерлан Естайұлы Әділбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 шілдеде туындайтын қатынасқа таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі       М. Тасмағанбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»:

      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
      сайлау комиссиясының төрағасы              Н.Қ. Барақаев
      2013 жылғы 9 шілде

Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 9 шілдедегі № 232
қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік басылым материалдарды орналастыру орны

р/
с

Ауылдық округ атауы

Сайлау алдындағы насихаттың үгіттік басылым материалдарын орналастыру үшін конструкцияның орны және мекенжайы

1

Новоишим

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим селосының Мәдениет үйі ғимаратына іргелес аумақта орналасқан ақпараттық стенд

Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 9 шілдедегі № 232
қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін шарт негізінде берілген үй-жай

р/с

Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай

1

Новоишим

Новоишим селосы: Мәдениет үйі, Абылай-хан көшесі, № 19

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады