Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 03.07.2018 № 26-4 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 бекітілген қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 маусымда № 2299 тіркелген, 2013 жылғы 15 шілдеде "Есіл өңірі" газетінде, 2013 жылғы 15 шілдеде, "Новости Приишимья" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қөрсетілген шешіммен бекітілген Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:
1 тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"2. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғындары үшін тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған меншік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсу бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуы отбасының (азаматтың) барлық орта айлық жиынтық кірісіне 10 пайыз мөлшерде белгіленеді";
5 тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.