Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2014 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 22-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қаңтарда N 2509 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 10 наурыздағы N 6.2.1-22/37 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 10.03.2015 N 6.2.1-22/37 хаты).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 08.04.2014 N 24-4 шешімімен (ресми алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18 бабы 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесін бекіту туралы" қаулысынасәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТI:
      1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі мәлімдеген 2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып ұсыну:
      1) өтініш беру уақытында жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау - өтініш беру уақытында бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 08.04.2014 N 24-4 шешімімен (ресми алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің 1 тармағы 1), 2) тармақшаларының әрекеті ветеринария аумағының қызметін қамтамасыз ететін ветеринарлық пункттердің ветеринария мамандарына арналады.
      3. Осы шешім ресми алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданы мәслихатының
      ХХІІ сессиясының төрайымы

И. Гроот

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданы мәслихатының хатшысы

Б. Ысқақова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданның ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      24 желтоқсан 2013 жыл

Ж. Қожахметов

      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданның экономика және
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      24 желтоқсан 2013 жыл

Н. Дышкант

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады