Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 22-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның, ауылдық елді мекендеріне 2014 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 8 сәуірдегі N 24-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 мамырда N 2756 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 10 наурыздағы N 6.2.1-22/37 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 10.03.2015 N 6.2.1-22/37 хаты).
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТI:
      1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 22-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2014 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 22 қаңтарда № 2509 тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпанда "Есіл өңірі" газетінде, 2014 жылғы 3 ақпанда, "Новости Приишимья" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырып келесі редакцияда жазылсын:
      "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2014 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы";
      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі мәлімдеген 2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып ұсыну:
      1) өтініш беру уақытында жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау - өтініш беру уақытында бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.".
      2. Осы шешім ресми алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданы мәслихатының
      ХХІV сессиясының төрайымы

А. Нұрмағанбетова

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданы мәслихатының хатшысы

Б. Ысқақова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданның ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      8 сәуір 2014 жыл

Ж. Қожахметов

      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданның экономика және
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      8 сәуір 2014 жыл

Н. Дышкант

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады