2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу және мақсатты топтарды анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 8 ақпандағы N 46 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 наурызда N 2206 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 05.11.2013 N 511 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 05.11.2013 N 511 қаулысымен.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұратын мақсатты топтар анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;
      3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс берушi - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi - жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады.
      2. 2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) отбасылардың бірде біреуі жұмыс істемейтін тұлғалары;
      3) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      4) он екі ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген тұлғалар.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Қызылжар ауданының әкімі

О. Қаппасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады