2013 жылы Қызылжар ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі N 120 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 мамырда N 2266 болып тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы 27.05.2014 N 9.1.4-8/542 хаты).
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Ережесінің 12-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2013 жылы Қызылжар ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде өз күшіне енеді.

      Аудан әкіміО. Қаппасов

 Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің 
2013 жылғы 19 сәуірдегі № 120
қаулысына қосымша

2013 жылы Қызылжар ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері


№ р/нДақылдарЖЖМ бойынша субсидия алуға тізімге қосуға өтініш беру мерзіміАуыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімін жүргізу
I – орманды егістікII – далалық, жазық жер, ормандалалық
1Жаздық жұмсақ бидай орташа кештетілген17 мамырға дейін17 мамыр - 25 мамыр17 мамыр - 27 мамыр
2Жаздық жұмсақ бидай орташа піскен20 мамырға дейін20 мамыр - 28 мамыр20 мамыр - 28 мамыр
3Жаздық жұмсақ бидай орташа жетілген25 мамырға дейін25 мамыр – 1 маусым25 мамыр – 3 маусым
4Қатты жаздық бидай20 мамырға дейін20 мамыр - 25 мамыр20 мамыр - 25 мамыр
5Қыскы бидай25 мамырға дейін25 тамыз – 8 қыркүйек25 тамыз - 8 қыркүйек
6Қыскы қара бидай25 тамызға дейін25 тамыз - 8 қыркүйек25 тамыз - 8 қыркүйек
7Арпа, орташа піскен25 мамырға дейін25 мамыр - 30 мамыр25 мамыр - 30 мамыр
8Арпа, орташа жетілген30 мамырға дейін30 мамыр – 3 маусым30 мамыр – 3 маусым
9Сұлы 25 мамырға дейін25 мамыр - 30 мамыр25 мамыр - 30 мамыр
10Қарақұмық 20 мамырға дейін20 мамыр - 25 мамыр20 мамыр - 25 мамыр
11Тары 25 мамырға дейін25 мамыр - 30 мамыр25 мамыр - 30 мамыр
12Нут 12 мамырға дейін12 мамыр - 17 мамыр13 мамыр - 18 мамыр
13Бұршақ 20 мамырға дейін20 мамыр – 27 мамыр20 мамыр - 27 мамыр
14Соя22 мамырға дейін22 мамыр - 25 мамыр22 мамыр - 25 мамыр
15Шыны 22 мамырға дейін22 мамыр - 28 мамыр22 мамыр - 28 мамыр
16Рапс – дәстүрлі жыртылған жерді себу бойынша12 мамырға дейін12 мамыр - 20 мамыр12 мамыр - 20 мамыр
Ең кіші - нөлдік жыртылған жер18 мамыр - 28 мамыр20 мамыр - 28 мамыр
17Зығыр, қыша15 мамырға дейін15 мамыр - 22 мамыр18 мамыр - 25 мамыр
18Май алынатын күнбағыс15 мамырға дейін15 мамыр - 18 мамыр15 мамыр - 20 мамыр
19Рыжик20 мамырға дейін20 мамыр - 25 мамыр20 мамыр - 26 мамыр
20Картоп 15 мамырға дейін15 мамыр - 30 мамыр15 мамыр - 30 мамыр
21Сүрлемдік жүгері 16 мамырға дейін16 мамыр - 20 мамыр16 мамыр - 20 мамыр
22Сүрлемдік күнбағыс 18 мамырға дейін18 мамыр - 24 мамыр18 мамыр - 24 мамыр
23Бір жылдық шөп жасыл жемге (сұлы + бұршақ, бұршақ + сұлы + арпа), шөп (судан шөбі, тары, могар, сұлы + вика) және сүрлемдік (сұлы + арпа + бұршақ + бидай, сұлы + бұршақ, тары + бұршақ)5 маусымға дейін5 маусым – 10 маусым5 маусым – 10 маусым
24Көп жылдық шөптер: люцерна, донник, эспарцет, козлятник, кострец, житняк,5 мамырға дейінI-мерзімII- мерзімI-мерзімII- мерзім
5 мамыр - 15 мамыр5 шілде – 20 шілде5 мамыр - 15 мамыр5 шілде – 20 шілде
 Жасыл конвейер (бір жылдық шөп)
25I мерзім (бұршақ + сұлы)8 мамырға дейін8 мамыр – 10 мамыр8 мамыр – 10 мамыр
26II мерзім (сұлы + арпа + бұршақ + бидай, судан шөбі + бұршақ, тары + бұршақ)23 мамырға дейін23 мамыр – 25 мамыр23 мамыр – 25 мамыр
27III мерзім (бұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + бұршақ, сұлы + бұршақ)8 маусымға дейін8 маусым – 10 маусым8 маусым – 10 маусым
28IV мерзім (рапс, сұлы)8 шілдеге дейін8 шілде – 10 шілде8 шілде – 10 шілде
29Қыскы қара бидай (жасыл конвейер)10 тамызға дейін10 тамыз – 15 тамыз10 тамыз – 15 тамыз
 Көкөніс
30Сәбіз 10 мамырға дейін10 мамыр – 20 мамыр10 мамыр – 20 мамыр
31Пияз10 мамырға дейін10 мамыр – 20 мамыр10 мамыр – 20 мамыр
32Қызылша25 мамырға дейін25 мамыр – 5 маусым25 мамыр – 5 маусым
33Қияр 16 мамырға дейін16 мамыр – 5 маусым16 мамыр – 5 маусым
34Орамжапырақ көшеті25 мамырға дейін25 мамыр – 12 маусым25 мамыр – 12 маусым
35Кызанақ көшеті28 мамырға дейін28 мамыр – 12 маусым28 мамыр – 12 маусым

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады