Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін баспа үгіт материалдарын және үй-жайларды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 шілдедегі N 254 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 шілдеде N 2315 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 05.11.2013 N 511 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 05.11.2013 N 511 қаулысымен.
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 46-тармақтарына, 27-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттілігін тоқтату және қызметтен босату қағидасының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылжар аудандық сайлау комиссиясымен (келісімімен) бірлесе 1-қосымшаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес шарт негізінде үй-жайлар ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынасқа таралады.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Қызылжар ауданының әкімі
      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қызылжар аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      4 шілде 2013 жыл

Е. Каменов
 
 
В. Геншель
 


Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 4 шілдедегі № 254
қаулысына 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттарының баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін орындар
 

Бескөл ауылы

Бескөл орта мектеп-гимназиясы ғимараты маңындағы орталық алаң аумағындағы ақпараттық стенд



Солтүстік Қазақстан облысы 
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 4 шілдедегі № 254
қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттарының сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар тізбесі
 

Бескөл ауылы

Бескөл «Парасат» мектеп-лицейі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады