Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 тамыздағы N 343 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 қыркүйекте N 2350 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы N 01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 05.01.2015 N 01 қаулысымен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілерін жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін аудан бойынша жұмыс орындары жалпы санының 1,5 пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілерін жұмысқа жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары М.М. Жұмабаеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының әкімі
Е. Каменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады