Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 10-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 сәуірде N 2253 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2014 жылғы 16 қаңтардағы N 10.2.1-15/7 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2014 жылғы 16 қаңтардағы N 10.2.1-15/7 хаты)

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 89-тармақтарына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімімен айтылған қажеттілікті есепке ала отырып, Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринарлық пункттердің ветеринарлық мамандарына ұсынылсын:
      1) өтініш берген кезеңіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) өтініш берген кезеңіне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданы
      мәслихаты сессиясының төрағасы            Қ. Баймұратов

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданы
      мәслихатының хатшысы                      Т. Әбілмәжінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады