"Бір жолғы талондардың құны және бекітілген салықтың бірыңғай ставкалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 1 ақпандағы N 14-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 10-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 сәуірде N 2254 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы N 12-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 27.06.2013 N 12-2 шешімімен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21–бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Бір жолғы талондардың құны және бекітілген салықтың бірыңғай ставкалары туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 1 ақпандағы № 14-2 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-9-87 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 12 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      нұсқалған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы»;
      нұсқалған шешімнің преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 422-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»;
      шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметін Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданы
      мәслихатының сессиясының төрағасы              Қ. Баймұратов

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданы
      мәслихатының хатшысы                           Т. Әбілмәжінов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі Салық комитетінің
      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
      Салық департаменті
      Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша
      Салық басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                            А.Т. Кемелев

Аудандық мәслихаттың
      2013 жылғы 29 наурыздағы
      № 10-5 шешіміне
      қосымша

Аудандық мәслихаттың
      2009 жылғы 1 ақпандағы
      № 14-2 шешіміне
      2-қосымша

Қызметін Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері

р/с №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады