Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылдың 25 қыркүйегіндегі N 6/1 "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы N 16/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 шілдеде N 2339 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 17.04.2019 № 49/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 6/1 "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1908 болып тіркелген, 2012 жылдың 9 қарашасында "Знамя труда" газетінде, 2012 жылдың 23 қарашасында "Солтүстік жұлдызы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      нұсқалған шешіммен бекітілген қағидасында:

      1-тармақта төртінші бөлік келесі редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";

      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мемлекеттік мекемесі болып анықталды.";

      4-тармақта екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын;

      5-тармақта бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:".

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      мәслихат Мамлют аудандық
      сессиясының төрағасы Х. Бикина
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют аудандық
мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының
жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
      2013 жыл 28 маусым В. Артимович
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының тұрғын үй
      коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      2013 жыл 28 маусым Қ. Әмірин
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттiк мекемесi
      басшысының міндетін атқарушы
      2013 жыл 28 маусым А. Яковенко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады