Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын көшелері тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы N 22/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 қаңтарда N 2472 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 10/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 19.09.2023 № 10/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 28.03.2022 № 20/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше тұрғындары мен көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                               А. Қошанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданы
      мәслихатының хатшысы Р. Нұрмұқанова     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданы
      Мамлютка қаласының әкімі                               С. Бәкеев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2013 жылғы 28 қарашадағы
  № 22/2 шешімімен
  бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 28.03.2022 № 20/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласының көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының көшелері тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласының аумағы учаскелерге (көшелерге ) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы көшелері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді қала әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында қаланың тиісті көшелері тұрғындары қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы қаланың көшелерінде тұрғындары тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы көшелері тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы әкімінің аппаратына беріледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2013 жылғы 28 қарашадағы
  № 22/2 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласының жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысатын қала көшелері тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 28.03.2022 № 20/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; 26.12.2022 № 31/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

р/№

Көшенің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы көшелері тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қазақстан

1

2

Гуденко

1

3

Крупская

1

4

Мальцев

1

5

Маяковский

1

6

Сенная

1

7

Сәбит Мұқанов

1

8

Сосновый бор

1

9

25 лет Целины

1

10

Конституция

1

11

Абай Құнанбаев

1

12

Евгений Брусиловский

1

13

Бектұрғанов

1

14

Беловский переулок

1

15

Береговая

1

16

Трудовая

1

17

Водопьянов

1

18

Водосточная

1

19

Ғабит Мүсірепов

1

20

Гагарин

1

21

Гоголь

1

22

Горький

1

23

Гостинная

1

24

Деповская

1

25

Ыбырай Алтынсарин

1

26

Железнодорожная

1

27

Жұмабаев

1

28

Зоя Космодемьянская

1

29

Заводская

1

30

Интернациональная

1

31

Жамбыл

1

32

Григорий Потанин

1

33

Әлия Молдағұлова

1

34

Колхозная

1

35

Шоқан Уәлиханов

1

36

Мұхтар Әуезов

1

37

Олег Кошевой

1

38

Шәмші Қалдаяқов

1

39

Лагерная

1

40

Абылай хан

1

41

Лермонтов

1

42

Лесная

1

43

Ломоносов

1

44

Матросов

1

45

Мир

1

46

Мичурин

1

47

Некрасов

1

48

Нефтебаза

1

49

Новая

1

50

Озерная

1

51

Панфилов

1

52

Папанин

1

53

Первомайская

1

54

Победа

1

55

Пролетарская

1

56

Пушкин

1

57

Рабочая

1

58

Свердлов

1

59

Северная

1

60

Скачков

1

61

Советская

1

62

Тимирязев

1

63

Титов

1

64

Құрманғазы

1

65

Целинная

1

66

Викторенко

1

67

Чкалов

1

68

Шаталов

1

69

Шевченко

1

70

Школа-интернат

1

71

Школьная

1

72

Шоссейная

1

73

Энергетиктер

1

74

Ямская

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады