Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы N 21/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қаңтарда N 2512 болып тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 05.01.2015 N 13.2.1.25/4 хаты).
     Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 18.04.2014 N 26/4 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына берілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
     Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 18.04.2014 N 26/4 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің 1 тармағының 1) және 2) тармақшалары қолданылуы ветеринария саласында қызмет атқаратын ветеринарлық пункттердің ветеринар мамандарына қатысты.
      3. Осы шешім алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихаттың
      ХХІ сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат
      хатшысы

И. Аллахяров
 
С. Мұстафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады