"Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы N 21/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі N 26/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырда N 2774 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 05.01.2015 N 13.2.1.25/4 хаты)

     Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 05.01.2015 N 13.2.1.25/4 хаты).
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 21/3 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 23 қаңтарда № 2512 тіркелген, 2014 жылғы 8 ақпанда аудандық «Көтерілген тың» газетінде, 2014 жылғы 8 ақпанда аудандық «Нива» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырып келесі редакцияда баяндалсын:
      «Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2014 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
      1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      «1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына берілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит».
      2. Осы шешімнің 1 тармағы 1), 2) тармақшаларының қолданылуы ветеринария саласында қызмет атқаратын ветеринарлық пункттердің ветеринар мамандарына қатысты.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихаттың
      ХХVІ сессия төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы
      «КЕЛІСІЛГЕН»
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Тимирязев ауданының
      ауыл шаруашылық
      және ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      2014 жылғы 17 сәуір

Б. Әлімбаев
С. Мұстафин
 
 
 
 
 
С. Құсайынов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады