«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәландыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Г. Жәкенқызына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Төрегелдин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігінің
«Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы Н.Ш. Сарсымбаев
2013 жыл 13 желтоқсан