2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 7-19с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қаңтарда N 2503 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 10 наурыздағы N 14.2.3-3/38 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 10.03.2015 N 14.2.3-3/38 хаты).
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 08.04.2014 N 4-22с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8 тармағына және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 08.04.2014 N 4-22с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. 2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, өтініш берген сәтінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең соммада әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 08.04.2014 N 4-22с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      4. "Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын (келісім бойынша).
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      V шақырылған ХІХ сессия
      төрағасы

К. Жантілеуов

      Уәлиханов аудандық
      мәслихаттың хатшысы

Б. Кәдіров



      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Уәлиханов ауданының
      ауыл шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      25 желтоқсан 2013 жыл

Н. Иманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады