"2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 7-19 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 сәуірдегі N 4-22с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде N 2691 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 10 наурыздағы N 14.2.3-3/38 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 10.03.2015 N 14.2.3-3/38 хаты).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" Уәлиханов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-19 с шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімде 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 2503 тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпандағы "Нұрлы Ел" және 2014 жылғы 3 ақпандағы "Қызылту" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы";
      1 және 2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. 2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. 2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, өтініш берген сәтінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең соммада әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы берілсін.".
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      V шақырылған ХХІ сессия
      төрағасы

Т. Оспанов

      Уәлиханов аудандық
      мәслихаттың хатшысы

Б. Кәдіров

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Уәлиханов ауданының
      ауыл шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      8 сәуір 2014 жыл

Н. Иманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады