Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы және ауылдық округі әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру және үй-жай орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 9 шілдедегі N 201 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде N 2318 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 26.01.2018 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына, 27-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласындағы Быковский көшесі, 4 үй орталық аудандық кітапханасының ғимаратындағы орталық кіру есігінде ақпараттық стенді орналасқан Шал ақын ауданының аумағында ауылдық округі әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды (келісім бойынша) Шал ақын аудандық сайлау комиссиясымен бірге анықтасын.

      2. Сергеевка қаласы Быковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы орталық аудандық кітапханасының үй-жайы Шал ақын ауданы аумағында ауылдық округі әкімдеріне барлық кандидаттар таңдаушылармен кездесу өткізу үшін келісім шарт негізінде үй-жайды ұсынсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысы Медет Дулатұлы Оспановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 23 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданының әкімі М. Омаров
      "Келісілді"
      Шал ақын ауданы
      сайлау комиссиясының төрағасы А. Торсанов
      2013 жылғы 9 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады