Атырау облысының Мақат ауданында Бәйгетөбе ауылын және Бәйгетөбе ауылдық округін құру туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 143-V шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 26 сәуірдегі № 157 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде № 2712 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 62737-баптарына сәйкес, Атырау облысы Мақат аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ХІV сессиясында ШЕШТІ:
      1. Атырау облысының Мақат ауданында Бәйгетөбе ауылы құрылсын.
      2. Бәйгетөбе ауылы әкімшілік орталығы болатын, жалпы аумағы 3600 гектарды құрайтын Бәйгетөбе ауылдық округі құрылсын.
      3. Атырау облысы Мақат ауданы Мақат поселкесінің шекарасы өзгертіліп, оның құрамынан жалпы көлемі 3600 гектар аумақ шығарылсын.
      4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Облыс әкімі
      А. Ғабдуллин                               Б. Ізмұхамбетов
      Мәслихат хатшысы                           С. Лұқпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады