2013 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 204 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 маусымда № 2737 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына,37–бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8–тармағының 4) тармақшасына66-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жыл ға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері мен субсидиялардың нормалары:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық тыңайтқыш өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.
      2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Ізмұхамбетов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі                        А. Мамытбеков
2013 жылғы 31 мамыр

Атырау облысы әкімдігінің 
2013 жылғы 31 мамырдағы № 204
қаулысына 1–қосымша    

2013 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормалары

№ р/с

Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін

Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге

1

Аммиак селитрасы (N-34,4 %)

тонна

50

28 900

2

Жай суперфосфат (Р2О5-19 %)

тонна

50

24 500

3

Аммофос (N-10%; Р2О5-46%)

тонна

50

45 000

Атырау облысы әкімдігінің 
2013 жылғы 31 мамырдағы № 204
қаулысына 2–қосымша    

2013 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялар нормалары

№ р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлік құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге

1

Нитроаммофоска (N-15%; Р2О5-15%; К2О-15%)

тонна

30

27 900

2

Калий нитраты

(N-13,5%; К-46,2%)

тонна

25

114 129

3

Монокалий фосфат(Р2О5-52%; К2О-34%)

тонна

25

121 823

4

Кальций нитраты (N-15,5%)

тонна

25

56 423

5

Магний нитраты (N-11%)

тонна

25

57 705

6

Аммиак селитрасы (34%)

тонна

25

12 699

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады