Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 04 мамырдағы № 431 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 маусымда № 2739 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1583 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 06.11.2014 № 1583 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 18 бабына және 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына және 37 бабына сәйкес қалалық әкiмдiк ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Қала әкімі аппараты осы қаулының Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қарабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Айдарбеков

КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық мәслихатының
хатшысы (келісім бойынша)                        Б. Қазиманов

04 мамыр 2013 жыл

Атырау қалалық мәслихаты
XIII сессиясының төрайымы
(келісім бойынша)                                Б. Хаменова

04 мамыр 2013 жыл

Қалалық әкімдіктің     
2013 жылғы 04 мамырдағы № 431
қаулысына қосымша     

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
      1) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері;
      2) жалпы білім беру ұйымдарының директоры;
      3) жалпы білім беру мектептерінің оқу, тәрбие, оқу-өндірістік директорының орынбасары;
      4) мұғалім-психолог;
      5) аға жетекші;
      6) тәрбиеші;
      7) музыкалық жетекші;
      8) әлеуметтік педагог;
      9) логопед-мұғалім;
      10) ұйымдастырушы педагог;
      11) кітапхана меңгерушісі;
      12) кітапханашы;
      13) медициналық бике;
      14) суретші;
      15) әдістемеші;
      16) емдәм бикесі;
      17) психолог.
      2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
      1) клуб меңгерушісі;
      2) музыкалық жетекші;
      3) режиссер;
      4) үйірме жетекшісі;
      5) барлық атаудағы суретшілер;
      6) әдістемеші;
      7) кітапхана меңгерушісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады