Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 15.08.2013 № 868 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Атырау қаласы бойынша ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
2. "Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының басшысы Б. Құсниевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, оның алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Айдарбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) А. Ғали
27 маусым 2013 ж.
Қалалық әкiмдіктің
2013 жылғы 27 маусымдағы № 667
қаулысына қосымша
Атырау қаласы бойынша ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Р/н |
Орналасқан жері |
1 |
Балықшы ауылдық округі, Көкарна ауылында орналасқан "Стиллайн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы стенд |
2 |
Жұмыскер селолық округі, Жұмыскер ауылы, Сабыр Бекмағамбетов көшесінде орналасқан № 64А үй, "Мақсат" дүкенінің маңындағы стенд |
3 |
Ақсай селолық округі, Ақжар селосы, Әшім Уәлиев көшесінде орналасқан № 102 үй маңындағы стенд |
4 |
Атырау селолық округі, Атырау селосы, Қуанәлі Құрмашев көшесінде орналасқан № 70 үй маңындағы стенд |
5 |
Геолог селолық округі, Геолог селосында орналасқан № 65А үй маңындағы стенд |
6 |
Еркінқала селолық округі, Еркінқала селосы, Бөлекқайыр көшесінде орналасқан № 2А үй, "Шәріп" мейрамханасы маңындағы стенд |
7 |
Қайыршақты селолық округі, Томарлы селосы, Колхоз көшесінде орналасқан № 2 үй, "Іңкәр" дүкені маңындағы стенд |
8 |
Дамба селолық округі, Амангелді селосында орналасқан "Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Дамбы селолық Мәдениет үйі маңындағы стенд |
9 |
Кеңөзек селолық округі, Тасқала селосы, Орталық көшесінде орналасқан № 24 үй, "Айзере" дүкені маңындағы стенд |