Ай сайынғы әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 07 ақпандағы № 95-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 01 наурызда № 2702 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 115-V шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2013.04.19 № 115-V шешімімен.  
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2 тармағының 2-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына және Исатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 81-V "2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Исатай ауданы бойынша ай сайынғы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыбы (жұбайы);
      3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медалдарымен марапатталған азаматтар.
      2. Ай сайынғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      3) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат көшірмесі;
      4) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы, мекен-жай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      5) Исатай аудандық пошта байланыс бөлімшесінен ашылған жеке есеп-шотының немесе екінші деңгейдегі банктің кітапшасының шотының көшірмесі;
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.
      4. Ескерту. 4 тармақтың күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2013.03.18 № 104-V шешімімен.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      Х сессиясы төрағасы                        С. Ихсанов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ж. Қадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады