Тұщықұдық селолық округiндегi "Естекбай" елдi мекенi аумағына карантин режимiн және шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық селолық округі әкімінің 2013 жылғы 23 мамырдағы № 25 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 03 маусымда № 2733 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық селолық округі әкімінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық селолық округі әкімінің 2013.07.01 № 30 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 73 ұсынысы негiзiнде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
      1. Тұщықұдық селолық округiндегі "Естекбай" елдi мекенi аумағында ұсақ мүйізді малдар арасында құтыру ауруы ошағының анықталуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсiн.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Исатай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалауды өзiме қалдырамын.
      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Тұщықұдық селолық округінің әкімі          М. Насиханов
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Исатай аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері ___________С. Айдаралиев

2013 жылғы 23 мамыр

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Атырау облысы бойынша департаменті Исатай
ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы__________________Ө. Шакесова

2013 жылғы 23 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады