Көздіғара ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімдігінің 2013 жылғы 09 желтоқсандағы № 16 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 желтоқсанда № 2825 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімдігінің 24.02.2014 № 02 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 294 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көздіғара ауылдық округіне қарасты "Теңдік" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдары арасында құтыру ауруының эпизоотиялық ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көздіғара ауылдық округінің әкімі:         Б. Кабесов

Келісілді:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
"Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері:           С. Тайшыбай
2013 жылғы 23 желтоқсан

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Атырау облысы бойынша департаменті
Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы:                    Ш. Асауова
2013 жылғы 23 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады