"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/96-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 4 мамырда № 2278 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/516-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 29.05.2020 № 49/516-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1983 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 68 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Ө. Мелдеханов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Ержан

  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2013 жылғы
28 наурыздағы № 12/96-V
шешіміне қосымша
  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2008 жылғы
11 сәуірдегі № 6/86-IV
шешіміне қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар тізілімі

Қосымша дәрі-дәрмектердің аталуы

Азаматтар санаты

Гемагглютинин - "А" типті ботулиниялық токсин кешені 500 ЕД (Диспорт)

Барлық санаттар

Бозентан (Траклир) 125 мг

Пульмикорт 500 мкг

Селлсепт (микофенолата мофетил) 150 мг

Силденафил 50 мг

Трентал 400 мг

Урсофальк 250 мл

Флуимуцил 600 мг

Циклоспорин А 35 мг


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады