Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға субсидия көлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 335 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда № 2423 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 16.09.2014 № 297 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 943 қаулысының 8-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан бойынша (басым дақылдардың егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидия көлемі белгіленсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы
3 желтоқсандағы № 335 қаулысына
қосымша

Аудандар бойынша (басым дақылдардың егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидия көлемі

Аудан атауы

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Мақтаарал

150 000


Барлығы

150 000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады