Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 17.09.2015 № 274 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес (басым дақылдардың егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің құнын арзандату бойынша жергілікті бюджеттен субсидиялар көлемдері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (басым дақылдардың егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату бойынша жергілікті бюджеттен субсидия көлемі белгіленсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 335 «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға субсидия көлемін белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2423-нөмірмен тіркелген, 2013 жылы 20 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Б.Оспанов
Е.Садыр
Б.Жылқышиев
С.Тұяқбаев
Ә.Бектаев
А.Абдуллаев
С.Қаныбеков
Р.Исаева
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы
16 қыркүйек № 297 қаулысына
1-қосымша
(басым дақылдардың егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің құнын арзандату бойынша жергілікті бюджеттен cубсидиялар көлемдері
№ |
Қалалар мен аудандардың атауы |
Межеленген егістік көлемі, гектар |
Субсидия көлемі, мың теңге |
1 |
Арыс |
694,2 |
2020,5 |
2 |
Бәйдібек |
1084,4 |
1911,5 |
3 |
Қазығұрт |
1026,3 |
1436,5 |
4 |
Мақтарал |
20721,9 |
128587,9 |
5 |
Ордабасы |
3190,3 |
15378,0 |
6 |
Отырар |
496,0 |
1036,7 |
7 |
Сайрам |
602,8 |
988,0 |
8 |
Сарыағаш |
1115,4 |
2771,9 |
9 |
Созақ |
36,0 |
98,0 |
10 |
Төлеби |
345,9 |
513,8 |
11 |
Түлкібас |
240,8 |
381,7 |
12 |
Шардара |
5263,1 |
32449,8 |
13 |
Түркістан |
2723,5 |
16416,5 |
14 |
Шымкент |
125,5 |
293,3 |
15 |
Кентау |
7,8 |
26,8 |
Барлығы |
37674 |
204311,0 |
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы
16 қыркүйек № 297 қаулысына
2-қосымша
(басым дақылдардың егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату бойынша жергілікті бюджеттен cубсидия көлемі
Аудан атауы |
Субсидия көлемі, мың теңге |
|
1 |
Мақтарал |
150 000 |
Барлығы |
150 000 |