Алтынтөбе ауылы округі, Қаржан елді мекенінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 28 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қарашада № 2409 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы округі әкімінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 41 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы округі әкімінің 18.12.2014 № 41 шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 07.11.2014 № 33 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2013 жылғы 12 қазандағы № 1-09/316 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Алтынтөбе ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінің тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығында бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінің аумағына шектеу iс-шаралары белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 07.11.2014 № 33 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алтынтөбе ауыл округі әкімі аппаратының бас маман ветеринары Б.Бишеевке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Ауыл округінің әкімі                       Б.Тойшиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады