Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылы округі әкімінің 19.12.2014 № 37 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің 27.10.2014 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2013 жылғы 12 қазандағы № 1-09/316 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қақпақ ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қақпақ ауыл округі, Сырлысай елді мекенінің тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығында бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Қақпақ ауылы округі, Сырлысай елді мекенінің аумағына шектеу iс-шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің 27.10.2014 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қақпақ ауыл округі әкімінің орынбасары Н.Мошқаловқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгiзiледi.
Ауыл округінің әкімі Е.Шорабаев