Қақпақ ауылы округі әкімінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 27 "Қақпақ ауылы округі, Сырлысай елді мекенінің аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 32 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 қарашада № 2887 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылы округі әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 37 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылы округі әкімінің 19.12.2014 № 37 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қақпақ ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қақпақ ауылы округі әкімінің 2013 жылғы 22 қазанындағы № 27 «Қақпақ ауылы округі, Сырлысай елді мекенінің аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2408 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 22 қарашадағы «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қақпақ ауылы округі, Сырлысай елді мекенінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»;
      1 тармағындағы «шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим» деген сөздер «шектеу іс-шаралары» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қақпақ ауыл округі әкімінің орынбасары Н.Мошқаловқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі                       Е.Шорабаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады