Тұрбат ауыл округі Тұрбат және Еңбек елді мекендерінің аумағына шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режим белгiлеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы округі әкімінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 116 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 24 желтоқсанда № 2450 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы округі әкімінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы округі әкімінің 03.02.2014 № 5 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2013 жылғы 11 қазандағы № 1-09/313 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Тұрбат ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұрбат ауылы округі, Тұрбат және Еңбек елді мекендерінің тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығында бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Тұрбат ауылы округі, Тұрбат және Еңбек елді мекендерінің аумағына шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тұрбат ауылы округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Байболовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі                       Е.Исакулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады