Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 544 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2014 жылғы 6 ақпанда 2522 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 189 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар  ауданы әкімдігінің 11.03.2014 № 189 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына, «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына сәйкес Отырар аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 123-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ибадуллаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Полатов

Отырар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 544 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

1

Отырар ауданы

1870

1450

480

Отырар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 544 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық 

18375,8

12122,4

Отырар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 544 қаулысына 3-қосымша

Ата – ананың ақы төлеу мөлшері 

Барлығы

Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

337,35

7084,35

      Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады