Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының 20.01.2014 № 128 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сарыағаш ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Асқанбековке жүктелсiн.
Аудан әкімі Ә.Мақұлбаев
Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 09 қаңтардағы
№ 07 қаулысына қосымша
Сарыағаш ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi
№ |
Дақылдар түрi |
Оңтайлы мерзiмдерi |
Ескерту |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Жаздық бидай |
15.02.2013 |
04.04.2013 |
тәлімі жер |
2 |
Көкөніс |
05.03.2013 |
25.05.2013 |
суармалы жер |
3 |
Мақта |
15.04.2013 |
20.05.2013 |
суармалы жер |
4 |
Жүгері |
25.03.2013 |
20.05.2013 |
суармалы жер |
5 |
Мақсары |
05.03.2013 |
01.04.2013 |
тәлімі жер |
6 |
Жоңышқа |
05.03.2013 |
01.04.2013 |
тәлімі және суармалы жер |