Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімі аппаратының 21.01.2014 № 03-136 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 8-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Байтұрғановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Айтуреев
Шардара ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 қаңтардағы
№ 10 қаулысына қосымша
2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері, көлемі және қаржыландыру көздері
қ/с |
Ұйымдардың атауы |
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
Қаржыландыру көздері |
1 |
«Шардара қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, ауыл округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелері, «Шардара аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
295 |
Іс-қағаздарын жүргізу - 3500 іс, ауыл шаруашылық жұмыстарына қатысу, қаланы, ауылдарды, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру 70000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
2 |
«Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі |
40 |
Іс-қағаздарын жүргізу - 1200 іс, мекеме ғимараты аймақтарын көгалдандыру және көріктендіру жұмыстары - 10000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
3 |
«Шардара аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі |
45 |
Іс-қағаздарын жүргізу-500 іс, шегірткеге және өртке қарсы күрес жұмыстары - 6000 гектар жер |
Аудандық бюджет |
4 |
«Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық соты» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аумақтық сот орындаушылар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі |
150 |
Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 1000 іс, қоғамдық тәртіпті сақтау - 10 ауылдық округ, әскери қызметке шақыруға қатысты қағаздарын толтыру және тарату - 2000 шақыру қағаздары |
Аудандық бюджет |
5 |
«Шардара аудандық әділет басқармасы» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық салық басқармасы» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық құрылыс бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі |
20 |
Жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу, іс-қағаздарын жүргізу - 2000 іс, мекеме ғимараты аймақтарын көгалдандыру және көріктендіру 20000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
6 |
«Шардара аудандық тарихи-өлкетану мұражайы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
10 |
Материалдарды топтастыруға жәрдемдесу - 500 іс, аймақты көгалдандыру, көріктендіру және санитарлық тазалау 5000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
7 |
Шардара ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Өскен өңір» Шардара аудандық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шардара аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлік және автомобиль жолдары бөлімінің «Шардара жасыл аймақ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
50 |
Іс-қағаздарын жүргізу 1400 іс қаланы көгалдандыру 70000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
Барлығы |
610 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.