Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 22.01.2014 № 11 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына және аудан әкімінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 06-17 мәлімдемесіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
1. Шардара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, 2013 жылы бiр маманға жетпiс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау -бір мың бес жүз еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттік кредит белгіленсін.
2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі;
кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 % мөлшерінде белгіленсін.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрайымы Р.Қарабаева
Аудандық мәслихат хатшысы Т.Бердібеков