Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімі аппаратының 21.01.2014 № 03-136 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданы бойынша 2012 - 2013 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Муталиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қазаннан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі К. Айтуреев
Шардара ауданы әкімдігінің
4 мамыр 2013 жылғы
№ 195 қаулысына қосымша
2012 - 2013 жылдарға арналған
субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Дақыл түрі |
Егістіктің оңтайлы мерзімдері |
Ескертпе |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Күздік бидай |
01.10.2012 |
10.12.2012 |
Егістік және суармалы жерлер |
2 |
Майлы дақылдар |
01.03.2013 |
01.05.2013 |
Егістік және суармалы жерлер |
3 |
Жоңышқа |
20.03.2013 |
01.05.2013 |
Егістік және суармалы жерлер |
4 |
Жүгері |
20.04.2013 |
15.06.2013 |
Суармалы жерлер |
5 |
Көкөніс және бақша өнімдері |
10.03.2013 |
25.06.2013 |
Суармалы жерлер |
6 |
Картоп |
10.03.2013 |
25.06.2012 |
Суармалы жерлер |
7 |
Мақта |
10.04.2013 |
15.05.2013 |
Суармалы жерлер |