Шығыс Қазақстан облысы аумағын аймақтарға бөлу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы N 145 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 маусымда N 2977 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 тамыздағы N 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.08.2013 N 210 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 26-2-бабына, «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 6027 бұйрығына сәйкес), «Үржар ауданына карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы» Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 250 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2968) қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 27 мамырдағы 02/787 хаты негізінде, аусылдың әкелінуінің және таралуының алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының аумағын мынадай аймақтарға бөлу жүзеге асырылсын:
      1) Үржар ауданы Ақшоқы, Бахты, Көлденең, Мақаншы, Каратұма, Көктерек, Үржар, Қабанбай, Қарабұлақ, Көкөзек, Қарабұта, Қаратал, Науалы, Алтыншоқы, Барқытбел, Бестерек, Қоңыршәулі, Келдімұрат, Қаракөл, Шолпан, Жаңа Тілек, Салқынбел, Көктал, Ақжар, Егінсу, Жоғарғы Егінсу, Елтай ауылдық округтерінің аумақтарын қамтитын 100 шақырым радиустағы аусыл эпизоотиялық ошағымен қолайсыз аймақ;
      2) Тарбағатай ауданы Ақсуат, Ақжар, Екпін, Жаңауыл, Жетіарал, Ырғызбай, Кіндікті, Көкжыра, Қабанбай, Қарасу, Құйған, Құмкөл, Қызылкесік, Маңырақ, Ойшілік, Сәтпаев, Тұғыл ауылдық округтерінің, Аягөз ауданы Аягөз қаласының, Сарыарқа, Қарағаш, Мыңбұлақ, Емелтау, Мамырсу, Ақшатау, Майлин, Қосағаш, Ақшәулі, Тарбағатай, Байқошқар, Өркен, Тарлаулы, Нарын, Бидайық, Ақши, Айғыз, Мәдениет, Баршатас, Ақтоғай ауылдық округтерінің аумақтарын қамтитын 200 шақырым радиустағы буферлік аймақ;
      3) Абай ауданы Кеңгірбай, Көкбай, Құндызды, Арқат, Қасқабұлақ, Саржал, Тоқтамыс, Медеу, Қарауыл ауылдық округтерінің, Жарма ауданы Ақжал, Әуезов, Аршалы, Белтерек, Божегур, Бірлік, Бірлікшіл, Делбегетай, Жаңғызтөбе, Жайма, Жарық, Жарма, Қалбатау, Қапанбұлақ, Қаратөбе, Қарасу, Қызылағаш, Суықбұлақ, Терістаңбалы, Үшбиік, Шалабай, Шар ауылдық округтерінің, Зайсан ауданы Зайсан қаласының, Қаратал, Дайыр, Сартерек, Айнабұлақ, Қарабұлақ, Кеңсай, Біржан, Шілікті ауылдық округтерінің, Көкпекті ауданы Тассай, Үлкенбөкен, Көкпекті, Миролюбовка, Қарағандыкөл, Сарыбел, Көкжайық, Теректі, Биғаш, Шұғылбай, Үлгілімалшы, Палатцы, Беленск, Мариногор, Самар, Казнаковка, Бастаушы, К. Аухадиев атындағы ауылдық округтерінің аумақтарын қамтитын 350 шақырым радиустағы бақылау аймағы;
      4) Шығыс Қазақстан облысының белгіленген аймақтардан тыс жатқан аумағы қолайлы аймаққа жатқызылсын.
      2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Д. М. Селиханов), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы (К. А. Тоқтасынов, келісім бойынша), осы қаулының 1 тармағында көрсетілген аудандардың және ауылдық округтердің әкімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В. Л. Кошелевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Облыс әкімі                                Б. Сапарбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық
      аумақтық инспекциясының басшысы
      _____________________ К. Тоқтасынов

      2013 жылғы 10 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады