Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2013 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы N 270 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 наурыда N 2911 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы N 163 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 11.02.2014 N 163 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. 2013 жылға Семей қаласы бойынша жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметінің тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) есірткіге тәуелді және АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған азаматтар;
      14) 50 жастан асқан адамдар;
      15) мектептер мен кәсіптік оқу орындарының түлектері;
      16) бір де жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың тұлғалары;
      17) басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары;
      18) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар жатады;
      19) қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
      2. «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. «Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2012 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 11 наурыздағы № 5-2-157 тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2012 жылғы наурыздағы № 21, «Вести Семей» газетінде 2012 жылғы 13 наурыздағы № 21 сандарында жарияланған) 2012 жылғы 24 ақпандағы № 187 қаулы, «Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2012 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» қала әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 187 қаулысына толықтыру енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 2681 тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2012 жылғы 5 қазандағы № 80, «Вести Семей» газетінде 2012 жылғы 5 қазандағы № 80 сандарында жарияланған) 2012 жылғы 24 ақпандағы № 1094 қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі А. Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады