Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 19.08.2013 N 106 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 332 ұсынысының негізінде, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданының Ақши ауылдық округінің Ақши ауылында мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушысына (А. Мұқанов), Аягөз аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысына (Д. Жұмақанов) міндетті ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыруын және жүргізуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Н. Молдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі Ә. Мұхтарханов
«КЕЛІСІЛДІ» Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушы |
«КЕЛІСІЛДІ» Аягөз аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы |