2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 ақпандағы N 62 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылдың 12 наурызында N 2908 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 04 сәуірдегі N 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 04.04.2014 N 120 қаулысымен.
      
      
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5) тармақшасының20–бабының, «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің негізінде, жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау және мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары бекітілсін (қосымша).
      2. Қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері 2013 жылға белгіленген бір ең төменгі жалақы мөлшерінде бекітілсін.
      3. Ұйым басшыларына жұмыскерлердің жекелеген санатына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектергеон сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерге) жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында жасау мүмкіндігін беру, сонымен қатар тиісті санаттың еңбек жағдайы ерекшеліктерін есепке алу арқылы және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысандарын қолдану ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Рахметуллинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                       К. Байгонусов

      Бесқарағай аудандық әкімдігінің
      2013 жылғы 18 ақпандағы
      № 62 қаулысына қосымша

      2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстар түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары

Ұйымдар атаулары

Қоғамдық жұмыс түрлері

Атқарылатын жұмыстар көлемі

Сұраныс (жарияланған қажеттілік)

Ұсыныс
(бекітілген)

Қаржыландыру көзі
(бюджет)

1

2

3

4

5

6

7

1

«Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу, заңды тұлғалардың өтініштерін және қызметтік хат-хабарларды сканерден өткізу және басып шығару; хат-хабарларды жеткізу; аумақтарды жинау.

90 құжат;
1200 шаршы метр

6

6

Жергілікті бюджет

2

Ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік мекемелері:
Баскөл ауылдық округі,
Беген ауылдық округі,
Бесқарағай ауылдық округі,
Глуховка ауылдық округі,
Долон ауылдық округі,
Канонерка ауылдық округі,
М-Владимировка ауылдық округі,
Қарабас ауылдық округі,
Семияр ауылдық округі,
Ерназар ауылдық округі

Шаруашылық кітаптарды анықтау, мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу бойынша сұрауларға қатысу; аумақты жинау, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, (көгалдандыру және көркейту); ғимараттарды жөндеу және қызмет көрсету жұмыстары, маусымдық от жағу жұмыстары; мал емдейтін санитарлық алдын алудың шараларына қатысу; мәдениеттік маңызы бар шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету

31 ауыл; халықтың жалпы саны 23200 адам;
15 құжат
103 гектар;
600 шаршы метр;
12 шара

40

25

24

11

40

25

24

11

Жергілікті бюджет

3

«Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы және мұрағат құжаттарымен, картотекамен жұмыс істеуге көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу; әлеуметтік жәрдемақы алушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеруге көмек көрсету; әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың деректер базасын қалыптастыруға көмек көрсету; жұмысынан айырылған азаматтарға, аумақтар мен ғимараттарды жинау

1040 құжат;
500 рет бару;
1000 іс;
10 адам;
100 шаршы метр

3

3

Жергілікті бюджет

4

«Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуге көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу

35 құжат

1

1

Жергілікті бюджет

5

«Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуге көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу

35 құжат

1

1

Жергілікті бюджет

6

«Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Мұрағат және ағымдағы құжаттарымен, картотекамен жұмыс жасауға көмек көрсету, хат-хабарларды жеткізу; аумақтарды жинау.

40 құжат;
1000 шаршы метр

10

10

Жергілікті бюджет

7

«Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу; ғимараттарды жинау және жөндеуге көмек көрсету

140 құжат;
500 шаршы метр

6

6

Жергілікті бюджет

8

«Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Әскер қатарына шақырылған адамдардың жеке істерін, істеген қызметтерін есепке алу карталарын, әскерге шақыру құжаттарын, анкеталарын, өмірбаяндарын, анықтамаларын дайындау бойынша жұмыс істеуге көмек көрсету; мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету, хат-хабарларды, шақыру қағаздарын жеткізу

100 іс;
20 құжат;
20 шақыру қағаздары;

5

5

Жергілікті бюджет

9

«Бесқарағай ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Салық хабарламаларын тіркеуге көмек көрсету; заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық істерін сақтау мерзімі бойынша жоюға құжаттарды дайындау үшін мұрағатта жұмыс істеуге көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу

2000 хабарлама;
2000 салық ісі;
1000 - хат-хабарлама

2

2

Жергілікті бюджет

10

«Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуге көмек көрсету, хат-хабарларды жеткізу; ғимараттарды жинау

30 құжат;
80 шаршы метр

1

1

Жергілікті бюджет

11

«Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу;

30 құжат;
40 хат

2

2

Жергілікті бюджет

12

«Бесқарағай аудандық Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу; аумақтарды жинау

500 құжат

4

4

Жергілікті бюджет

13

«Бесқарағай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету; хат-хабарлар мен хабарландыруларды жеткізу

50 құжат

2

2

Жергілікті бюджет

14

«Бесқарағай аудандық ішкі істер, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мәдени іс-шараларын өткізуге көмек көрсету; ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмек көрсету

15 іс-шара;
15 құжат

4

4

Жергілікті бюджет

15

«Бесқарағай ауданының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Бақылаудағы істерді, материалдарды тігуге, келетін хат-хабарламалар журналын жүргізуге, мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету, аумақтарды жинау, ғимарат жөндеу

30 материал;
15 құжат;
500 шаршы метр

2

8

2

8

Жергілікті бюджет

16

«Бесқарағай аудандық орталықтандырылған кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша жұмыс істеуге, мәдени іс-шараларын өткізуге, кітап қорларымен жұмыс істеуге, газеттер мен журналдарды тігуге көмек көрсету

20 адам;
15 адам;
30 атау

2

2

Жергілікті бюджет

17

«Шығыс Қазақстан облысы сот актілерін орындау жөніндегі Департаменттің Бесқарағай аудандық аймақтық сот орындаушылар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмек көрсету; статистикалық есепті енгізуге және дайындауға көмек көрсету; кәсіпорындар мен ұйымдардың каталогымен жұмыс жасауға көмек көрсету;

70 құжат;
10 кәсіпорын мен ұйым;

2

2

Жергілікті бюджет

18

«Бесқарағай ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Заңды және жеке тұлғалардын сұраныстарын орындау кезінде жұмыстарға көмек көрсету

150 іс

2

2

Жергілікті бюджет

19

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Бесқарағай аудандық бөлімшесі (келісім бойынша)

Зейнетақыны қайта есептеу үшін құжаттарды іріктеуге, зейнетақы істерімен жұмыс жасауға көмек көрсету; экология бойынша іс макеттерін дайындауға көмек көрсету мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмыс жасауға көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу

2 000 зейнетақы ісі;
10 макет
206 құжат

4

4

Жергілікті бюджет

20

«Бесқарағай ауданының аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу; мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге көмек көрсету

20 құжат
15 шара

3

3

Жергілікті бюджет

21

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу; аумақты және ғимараттарды жинау, ғимараттарды жөндеуге көмек көрсету

100 іс
6 құжат
140 шаршы метр

2

2

Жергілікті бюджет

22

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Бесқарағай ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету; ветеринарлық санитарлық алдын алу іс-шараларына көмек көрсету;

20 құжат

3

3

Жергілікті бюджет

23

«Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен, картотекамен жұмыс жасауға көмек көрсету, статистикалық мәліметтерді енгізу және өңдеу жұмыстарына көмек көрсету;

400 құжат;

2

2

2

2

Жергілікті бюджет

24

«Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай аудандық соты» (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету, хат-хабарларды, шақыру қағаздарын жеткізу

155 құжат

3

2

3

2

Жергілікті бюджет

25

«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің және құқықтық қызмет көрсету комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша)

Мұрағат құжаттарымен, картотекамен жұмыс жасауға көмек көрсету, статистикалық мәліметтерді енгізу және өңдеу жұмыстарына көмек көрсету;

260 құжат;

2

2

Жергілікті бюджет

26

Бесқарағай аудандық мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорыны

Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету; ғимараттарды жөндеуге және қызмет көрсетуге көмек көрсету, су құбырлары және канализациялық қатынас жолдарын қайта құруға, жөндеуге көмек көрсету

40 құжат;
1400 шаршы метр

12

12

Жергілікті бюджет

27

«Бесқарағай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар–жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға көмек көрсету; хат-хабарларды жеткізу; мәдени іс-шараларды өткізуге көмек көрсету

20 құжат
15 шара

2

2

Жергілікті бюджет


      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы бес күнді құрайды екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс бір сағат, жұмыс жағдайларын қортындылай келе, жұмыс уақытын ұйымдастырудың тиімді түрлері қолданылады.
      Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектерон сегіз жасқа толмаған адамдар қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттық еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескертумен анықтлады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады. Жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген орындалатын жұмыстың санына, сапасына, және күрделілігіне байланысты істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен еңбекақы төлеу жүзеге асырыылады.
      Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулығы, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа зиян келтіру немесе мертіктіру салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады