Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің Коростели ауылында шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 871 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 08 қазанда № 3067 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 949 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 28.11.2013 № 949 қаулысымен.
      
      
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы, Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының м. а. 2013 жылғы 5 тамыздағы № 619 ұсынысы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің Коростели ауылында иттер құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының м. а. (Ж. Шайғазин), сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Бородулиха ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Ғ. Сүлейменов) тиісті iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. А. Нұрғожинға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      
      Аудан әкімі                                          Г. Акулов
      
      
      Келісілді:
      
      
      «Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      Ветеринарлық бақылау және
      қадағалау комитетінің
      Бородулиха аудандық аумақтық
      инспекциясы» ММ басшысының м. а.                    Ж. Шайғазин
                                                  2013 жыл «29» тамыз
      
      
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Шығыс
      Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің Бородулиха ауданы
      бойынша мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы» ММ басшысы                           Ғ. Сүлейменов
                                                  2013 жыл «29» тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады