Шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 19 ақпандағы N 99 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 наурызда N 2920 болып тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы N 370 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 17.06.2013 N 370 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің және тиісті сайлау комиссияларының ұсыныстарын қарап, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп насихат баспа материалдарын орналастыратын орындарды хабарландыру орналастыратын стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары С.С. Жұмаділовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Глубокое ауданының әкімі                   Н. Шерубаев

      Келісілген:

      Глубокое ауданының
      аймақтық сайлау
      комиссиясының төрайымы                     Н. Грохотова

Глубокое аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 19 ақпандағы
№ 99 қаулысына қосымша

Шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихаттың
депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

      Глубокое кенті – Ленин көшесі № 64 үй, «Грета» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанында; Берестов көшесі № 12 үй, № 5 дүкен жанында; Пирогов көшесі № 15 үй, «Элегант» базары жанында;
      Верхнеберезовский кенті – Школьная көшесі 10, «Бастауыш мектеп – бала бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанында, соңғы аялдама; кен байыту фабрикасының бас корпусы жанында;
      Секисовка ауылы - Совхозная көшесі 6, кітапхана ғимараты жанындағы алаңда; Шоссейная көшесі 18/1, автобекет жанында; Чапаев көшесі 52, наубайхана жанында; Шоссейная көшесі 36, ауыл орталығындағы алаңда; Новостроевская көшесі мектеп маңында;
      Белокаменка ауылы – Центральная көшесі, әкімдік жанында;
      Ново-Михайловка ауылы – Л.Г. Бердиникованың № 42 үйдің жанында;
      Перевальное ауылы – Садовая көшесі № 22 үй, «Тройка» дүкенінің жанында;
      Быструха ауылы – Новостройка және Советская көшелерінің қиылысқан жерінде, «Хуторянка» дүкенінің аумағында; Ленин көшесі «Нива» дүкенінің жанында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады