"Кейбір санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 6/6-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 мамырдағы N 15/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 маусымда N 2976 болып тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі N 26/5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 21.04.2014 N 26/5-V (ресми бірінші жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Кейбір санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 27 маусымдағы № 6/6-V шешімге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2621 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 тамыздағы «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы»;
      2-тармақтың 4)-тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            Б. Закусилов

      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады