Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы N 6/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 шілдеде N 2621 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі N 26/5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 21.04.2014 N 26/5-V (ресми бірінші жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 20.05.2013 № 15/3-V (жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 56789-баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабын, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының 1-тармағының 14)-тармақшасын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек алу үшін мынадай санаттардағы жеке тұлғалар белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары;
      4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр – ана» және 1,2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналар, сондай-ақ 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалармен бірге тұратын көп балалы аналар, соның ішінде орта жалпы білім беру, күндізгі түрде жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарында оқитындар, кәмелет жасқа толғанға дейін немесе оқу орындарын аяқтаған уақытқа дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейін ғана;
      5) саяси репрессияның құрбандары, сондай-ақ саяси репрессиядан зардап шеккен тұлғалар;
      6) ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан отбасылары, 16 жасқа дейін мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп жатқан отбасылары;
      7) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;
      8) жастары толған зейнеткерлер;
      9) 1 және 2 - топтағы мүгедектер;
      10) аз қамтылған отбасылары (азаматтар);
      11) оралмандар;
      12) онкологиялық аурулары бар және әртүрлі туберкулезбен ауыратын азаматтар;
      13) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен азаматтар.
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін тиісті құжаттардың тізбесі анықталсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсету туралы арыз;
      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
      3) тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай анықтамасы немесе кент және ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
      4) алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 20.05.2013 № 15/3-V шешімімен;
      5) арызданушының мәртебесін растайтын құжат;
      6) отбасының табыстарын растайтын мәліметтер;
      7) тиісті уәкілетті орган беретін, төтенше жағдай болғанын растайтын акт немесе басқа да құжат;
      8) болатын немесе нақты қаржылық шығындарды растайтын құжаттар;
      9) туберкулезбен ауыратындар үшін емделіп жатқаны туралы медициналық мекемеден анықтама.
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері беріледі, салыстырған соң, құжаттардың түпнұсқалары арызданушыға қайтарылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Глубокое аудандық мәслихатының 20.05.2013 № 15/3-V (жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешім оның ресми бірінші жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 мамыры жағдайына қатысты туындаған қатынастарға таратылады.
 

      Сессия төрағасы                            А. Коротков

      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады