РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 1370 қаулысымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларының 2-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Жарма ауданының тұрғын үй қоры объектілері мен тұрғын емес үй-жайлары үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Өзбеханов |
Мәслихат хатшысы | Н. Есполов |
Жарма аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 қазандағы № 15/134-V шешімімен бекітілген |
Жарма ауданының тұрғын үй қоры объектілері мен
тұрғын емес үй-жайлары үшін коммуналдық қалдықтардың
пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жиналатын объектілер | Есептеу бірлігі | 1 есептеу бірлігіне жылдық жиналу нормасы, м3 |
1 | Үйлер: жайлы жайлы емес | 1 тұрғын 1 тұрғын | 1,8 1,9 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,64 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,39 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,97 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,0085 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,2 |
8 | Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 0,3 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 тағам | 1,07 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 0,37 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
12 | Стадиондар, спорттық алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,07 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
14 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
15 | Машиналардан сату | сауда орны 1 м2 | 0,25 |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,6 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,27 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,34 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | 0,6 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
22 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 1,1 |
23 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 2 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,1 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,15 |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,01 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
29 | Зергерлік, аяқ-киім, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,85 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,95 |
31 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,41 |
32 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,80 |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,04 |