Жарма аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/295-V шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жарма аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қазанындағы "Жарма ауданының тұрғын үй қоры объектілері мен тұрғын емес үй-жайлары үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" № 15/134-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3082 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада № 91 (8663) "Қалба тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Жарма аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 қазанындағы "Жарма ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинақтау, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" № 15/135-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3083 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада № 91 (8663) "Қалба тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Өзбеханов
      Мәслихат хатшысы Н. Есполов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады