РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Жарма ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинақтау, көму, кәдеге жарату тарифтері бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Өзбеханов |
Мәслихат хатшысы | Н. Есполов |
Жарма аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 қазандағы № 15/135-V шешімімен бекітілген |
Жарма ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинақтау, көму,
кәдеге жарату тарифтері
Көрсеткіштер | Сомасы (теңге) |
Заңды тұлғаларға 1 м3 коммуналды қалдықтарын жинақтау, көму және кәдеге жарату | 764 |
Жеке тұлғалардың 1 м3 коммуналды қалдықтарын жинақтау, көму және кәдеге жарату | 164 |