Көкпекті аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы N 21-5/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қаңтарда N 3175 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 30-4/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 24.12.2014 N 30-4/2 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 24 сәуірінде 5-15-105 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірдегі №34-35 аудандық "Жұлдыз" және "Новая жизнь" газетiнде жарияланған ) шешіміне өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Ережесінде:
      2 тармақтың 4) тармақшасы, 10 тармақтың 9) тармақшасы, 3 тараудың 24 абзацы алынсын.
      2. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1 тармағының 3 абзац жолын қоспағанда, осы шешім оның алғаш ресми жаряланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы

Б. Бекбердинов

      Аудандық мәслихат хатшысы

Р. Беспаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады