Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 23.07.2013 N 299 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 6 маусымдағы N 228 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округiнiң Ахметбұлақ ауылында ірі қара малдары арасында аусыл ауруының пайда болуына байланысты карантин режимін енгiзе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимi белгiленсiн.
2. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлiгiнiң мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң Тарбағатай ауданы бойынша басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы карантин талаптары орындалуының іс-шараларын ұйымдастырсын.
3. «Тарбағатай ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ветеринарлық iс-шараларды өткiзуге көмек көрсетсін.
4. Жаңаауыл ауылдық округiнiң әкiмi Д.Ниязбековке шектеу белгiленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикiзаттарын, өнiмдерiн дайындау және өткiзу, еңбектi ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгiленген ережелерiн сақтай отырып жүргiзу тапсырылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзiме қалдырамын.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмiнiң
мiндетiн атқарушы С. Жақаев
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы Министрлiгi
ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетi Тарбағатай аудандық
аумақтық инспекциясы»
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Б. Қажыкенов
«10» маусым 2013 жыл
«Тарбағатай ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Е. Байжұманов
«10» маусым 2013 жыл
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау Министрлiгiнiң мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан
облысы бойынша департаментiнiң
Тарбағатай ауданы бойынша басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы М. Сүлейменова
«10» маусым 2013 жыл